Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жұмағалиев Таумыш"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (top: clean up, replaced: туылған → туған using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Жұмағалиев Таумыш (1918 жылы туған, Ақтөбе облысы Қызылқоға ауданы Көздіқара ауылы) – геология-минералдар ғылымдарының кандидаты (1955). Қазақ тау-кен металлургия институтын бітірген (1945). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген геолог-барлаушысы (1967). Атырау өңіріндегі мұнай-газ өндірісін ұйымдастырушылардың бірі. Ескене кәсіпшілігінің бас геологы (1945–47), Мұнай инcтитутында ғылым қызметкері, лаборатория меңгерушісі, директордың орынбасары (1947–68), Батыс Қазақстан геология басқармасының бастығы (1968–72), Геология барлау институтының директоры (1972–85) қызметтерін атқарды. 140-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 5 монографияның авторы. Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлылығының (1976) лауреаты. Халықтар достығы орденімен марапатталған.

Дереккөздер

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub