Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Шөжеторғай"
(Жаңа бетте: {{Тексерілмеген мақала|date={{subst:#time:F Y}}}} <!-- БҰЛ МӘТІНДІ ӨШІРМЕҢІЗ! БҰЛ ҚАТАРДАН КЕЙІН ЖАЗЫҢЫЗ! --> ''...) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Тексерілмеген мақала Шөжеторғай (Poecile) - торғай отрядының сары шымшық тұқымдасына жататын туыс тармағы. Қанатының ұзындығы 6-7 cм, салмағы 10-12 г. Сырттай қарағанда кәдімгі шымшыққа ұқсайды: сұр түсті, төбесінде қара не қара қоңыр қауырсындарынан тұратын айдары болады. Тұрғылықты құс. Жазда жәндіктерді, қыста өсімдіктерді және өсімдік тұқымдарын қорек етеді. Ұясын ағаш кеуегіне салады. Жаз бойы жұмыртқалайды, 5-9 шұбар жұмыртқа салып, олардың ұрғашысы 13-15 күн басады. Балапандарын еркегі мен ұрғашысы 20 күн басады.
Қазақстанда кездесетін түрлері
Қазақстанда төрт түрі кездеседі: шөжеторғай (Parus palustris) - Алтай мен Қазақстанның жапырақты ормандарында кездеседі. Мамық шөжеторғай (Parus montanus) - Алтай мен республиканың қылқан жапырақты ормандарын мекен етеді. Сұрбас шөжеторғай (Parus sinetus) - Оңтүстік Алтайда кездеседі. Жоңғар шөжеторғайы (Parus songarus) - Тянь-ШаньменЖоңғар Алатауындағы қылқан жапырақты ормандарда кедеседі.
Дереккөздер
<ref>Қазақ ССР қысқаша энциклопедиялық-2 том-Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы-Алматы,1987-</ref>