Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Гидрологиялық бекет"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер, – Алматы, Мектеп, 2002 → – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:14, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Гидрологиялық бекет — жүйелі гидрологиялық байқаулар жүргізу мақсатында құрал-саймандармен жабдықталған су объектісіндегі (өзен, көл, бөген, канал, батпақ) орын (мекен). Гидрологиялық бөгеттің негізгі жабдығы — сумен өткізу құралдары (гидрометриялық көпірше, гидрометриялық өткел, жылжымалы әрі аспа бесік, паром) және гидрометриялық су өтімі аз және өзге де ерекше жағдайларда бақылау арналары жасақталады немесе су өтімін көлемі арқылы өлшейтін жабдықтар пайдаланылады. Су объектінің режіміне жасалған байқаулардың нәтижелері гидрологиялық бекетте тіркеледі немесе қажет болғанда орталық пунктке жеткізіледі. Ағын сулар мен суқоймалардағы су деңгейін өлшеу жұмыстары су өлшеу бекеттерінде жүргізіледі. Гидрологиялық бекет ұзақ мерзімдік жыл он екі айлық байқау материалдары гидротехникалық имараттарды жобалау, құру, пайдалану кезінде, мелиорацияланған жерлердегі су режімін реттеу, су ресурстарын корғау үшін пайдаланылады.

Гидрологиялық бекеттің құжаты

Гидрологиялық бекеттің құжаты — бекет жөніндегі мәліметтер (тұрған жері, жабдықтары, құрал-саймандары, бақылау бағдарламасы т.б.) түгел жазылған, гидрометеорологиялық қызмет тарапынан бекітілген ресми құжат. Гидрологиялық бекеттің құжатына қималар, жоспарлар, графиктер және бақылаулардың өнделген қорытынды тізімі қамтылады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub