Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Егінек"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Taxobox) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Taxobox Егінек (Үлгі:Lang-la) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда шалғынды, бұталы, орманды алқаптарда, егістіктер арасында өсетін 1 түрі – кәдімгі Егінек (L. vulgare) бар. Биіктігі 15 – 80 см, тамыры жіңішке шашақтардан құралады. Сабағы көбінесе дара, тік өседі. Сабақ бойындағы жапырақтары ұзынша, жұмыртқа, ал тамыр түбіндегілері тұтас болады. Гүлсебеттері жеке, сирек 2 – 5, сабақ ұшында дара жетіледі. Аналық мойнының саны 12 – 40, шетінде тілшік гүлдер орналасады. Тілшік гүлдері ақ түсті. Аталық жіпшелерінің жоғары жағы жуандау, аналық мойны екі бөлікті. Мамыр – тамыз айларында гүлдеп, маусым – қыркүйекте жемістенеді. Тұқымы ұзынша сұр түсті, үстінде ақшыл қыртысы бар.ар.