Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бүрмек"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(taxobox)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Taxobox Бүрмек , кельпиния (Үлгі:Lang-la) – астралылар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда шөлді, шөлейтті аймақтарда өсетін 3 түрі (жіңішке Б., таспа Б., Тұран Б-і) бар. Олардың биікт. 5 – 40 см. Сабақтары түбінен бұтақталған. Жапырақтары ұзынша, тамыр түбіндегілері сағақты, сабақ бойындағылары отырыңқы. Гүлдері қос жынысты, ашық сары түсті, себет гүлшоғырына топталған. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, маусым – шілдеде жемістенеді. Жемісінің ұшында қармақ тәрізді тікендері болады. Тұқымдары бос жатады, саны 6 – 8. Б-терді ерте көктемде мал жақсы жейді. Жемістенген кезде жемістеріндегі тікендер ұсақ малдың жүніне жабысып, қой ш-на зиян келтіреді. <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub