Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Аяқбау"
ш (1 түзету) |
(→Дереккөздер: Айрық) |
||
| Жол нөмірі 12: | Жол нөмірі 12: | ||
{{wikify}} | {{wikify}} | ||
{{stub}} | {{stub}} | ||
| + | {{айрық}} | ||
[[Санат:Мәдениет]] | [[Санат:Мәдениет]] | ||
[[Санат:Терминология]] | [[Санат:Терминология]] | ||
[[Санат:Киіз үй]] | [[Санат:Киіз үй]] | ||
13:22, 2023 ж. наурыздың 20 кезіндегі түзету
1.Аяқбау - уықтың керегеге бекітіп байлайтын жіптің немесе әшекейленген жіңіке таспаның атауы. Сондай-ақ аяқбау көшкен кезде уықтың «аяқтарын» бірі біріне қосып, буып байлау үшін де қолданылады. Үйдегі уыққа байланған аяқбауға адамның басы тимеу керек. Әйтпесе адамның жолы кесіледі, жамандыққа ұшырайды-мыс.
2.Аяқбау - аушы құстардың аяғына байланатын былғары, қыжым немесе теріден өріліп жасалған «жіп». Мұндай жіпті бүркітті қолға үйретуге және ұстап алып жүруге және тұғырға отырғызғанда байлап қоюға колданады.
3.Аяқбау - балық аулайтын аудың (жылымның) әрбір стек тасын жеке-жеке байлайтын бау.
4.Аяқбау - қайықтың діңгегін төменгі жағынан бекітетін арқан. Аяқбауды мықтап байламаса, діңгек босап кетеді.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>