Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Заңды түсіндіру"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

22:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Заңды түсіндірумемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың, жекелеген азаматтардың құқық нормаларының мазмұнын айқындауға бағытталған қызметі. Заңды түсіндіру – күрделі де кешенді құбылыс. Ол мемлекеттік органның ресми актісі түрінде, не мемлекеттік емес ұйымдар мен жекелеген адамдардың, іс жүзінде міндеттілік мәні жоқ ақыл-кеңестері түрінде болады. Бұл қызметтің мақсаты – түсіндірілетін норманың дұрыс та бірыңғай қолданылуын қамтамасыз ету, оны іске асыру кезінде болуы мүмкін қателерге жол бермеу.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы", 4 том 3 бөлім</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub