Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Толқын құмы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Сілтемелер: clean up, replaced: 1998 ISBN → 1998 жыл. ISBN using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

22:55, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Толқын құмыШалқарнұра тауының солтүстігінде, Торғай өзеннің орта ағысында жатқан құмды массив. Қостанай облысының Торғай ауданы жерінде орналасқан. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Торғай өзенін бойлай 66 км-ге созылып жатыр, ені 21 км шамасында. Ауданы 820 км². Барханды-төбешікті құмдардың салыстырмалы биікт. 2 –10 м. Көпшілік жерін арна тәрізді сортаңды ойыстар тілімдеген. Грунт сулары 2 – 5 м тереңдікте (минералд. 1,5 – 5 г/л) жатыр. Құм төбелерде еркекшөп, боз, т.б. өсімдіктер өседі. Мал жайылымы. Құмды өңірінде қыстаулар (Қарақұдық, Түйемойнақ, т.б.) мен елді мекендер (Жыңғылды, Қарғалы, т.б.) орналасқан.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том.

Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:Wikify