Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты"
ш («Қазақстан жоғарғы оқу орындары» деген санатты аластады; «[[Санат:Қазақстан ғылыми-зерттеу институ) |
ш (1 түзету) |
||
| (Оң жақ жоғарыда көрсетілген қатысушының (бір ғана қатысушының) арадағы 2 түзетуі көрсетілмеген) | |||
| Жол нөмірі 6: | Жол нөмірі 6: | ||
{{wikify}} | {{wikify}} | ||
{{Суретсіз мақала}} | {{Суретсіз мақала}} | ||
| − | [[Санат:Қазақстан | + | [[Санат:Қазақстан жоғарғы оқу орындары]] |
00:26, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты<ref name="source1">"Қазақ энциклопедиясы", VI-том</ref>, 1984 жылы 3 қазанда Қостанай облысындағы Қарабалық және Львовка тәжірибе станциялары негізінде құрылған. 2002 жылы 12 желтоқсанда респ. мемлекеттік кәсіпорын болып қайта құрылды. Құрамында картоп және майлы дақылдар селекциясын, мал шаруашылығын, астық дақылдарының бірінші реттік тұқымдарын өсіру, өсімдіктерді қорғау, жерді құнарландыру, танаптық жем-шөп өндірісін, дәрілік өсімдіктерді зерттеумен шұғылданатын лабораториялар жұмыс істейді. Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты: астық өндірісінде ылғал және энергия сақтау технологиясын жасау және жетілдіру; топырақтың аймақтық құнарлылығын арттыру; дәнді дақылдар, жем-шөп, майлы дақылдар және картоптың селекциясы мен тұқымдары мәселелері; жоғары өнімді тұқым (ұрық) қалыптастыру (өндіру), Голштин сиырының буданы негізінде жоғары өнімді сиыр тұқымын қалыптастыру; облыстың ауыл шаруашылық өндірісінде ғылым мен озық тәжірибе жетістіктерін пайдалану және насихаттау. Селекциялық жұмыстардың нәтижесінде жаздық бидайдың аудандастырылған жоғары өнімді Қарабалық-90, Қарабалық-85; ерте пісетін Қазақстандық, Эритроспермум-35, Қостанай-52, т.б.; күздік бидайдың Комсомол-56, Комсомол-103; арпаның Қарабалық-150, Медикум-85; сондай-ақ, ас бұршақ, зығыр, арпа, жоңышқа, еркекшөп, бидайықтың жергілікті табиғатқа лайықты сорттары шығарылды.
Пайдаланған әдебиетттер</span>
<references/> Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала