Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әнуар Әлімжанұлы Сағымбаев"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(−Санат:Тұлғалар; + 8 санат (HotCat құралының көмегімен))
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:23, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Сағымбаев Әнуар Әлімжанұлы (1972 ж. т., Ақтөбе қаласы) – ғалым, медицина ғылымының кандидаты (2002).

Білімі

Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын (Батыс Қазақстан медицина академиясы) бітірген (1995).

Еңбек жолы

Маңғыстау облыстық ауруханасында дәрігер-уролог (1995), 1996 – 99 ж. Қазақ Тағамтану академиясының аспиранты болды. 2002 – 03 ж. Ақтауда «Мейірбике» медицина колледжінде директордың орынбасары, 2003 – 05 ж. ҚР денсаулық министрлігінің медицина қызметін талдау және болжау ұлттық ортаның директоры, 2005 жылдан ҚР Денсаулық сақтау мин-нің мед. қызмет саласын бақылау к-тінің, Маңғыстау облысы басқармасының бастығы. Аурухана менеджменті бойынша Германияда білім алған (2006).

Ғылыми жұмыстары

Негізгі ғыл. жұмысының бағыты созылмалы пиелонефритпен ауыратын науқастар үшін арнайы тағам өнімдерін дайындауға арналған.

Марапаттары

ҚР «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған (2007)<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref> <ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007</ref>.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub