Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ахметқали Аманғалиұлы Өтеғалиев"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш («Мәскеу полиграфиялық институты түлектері» деген санатты аластады; «[[Санат:Мәскеу мемл)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:22, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Ахметқали Аманғалиұлы Өтеғалиев (1961 жыл, Астрахан облысы, Харабала ауданы, Сасықкөл ауылында дүниеге келген) - «Астана полиграфия» баспасының директоры.

Өмірбаяны

  • Орта мектепті аяқтағаннан кейін Мәскеу полиграфиялық институтына инженер-механик мамандығы бойынша түсті.
  • Еңбек жолын республикадағы ең ірі баспада (қазіргі «Дәуір» РПБК» ЖШС) басушының оқушысы болып бастады. Еңбекке, үйренуге деген қарапайым адамдық талпыныстар тез өсуіне ықпал етті: учаскелерді, цехтарды басқарды, өндіріс бөлімін, кейін баспаның фирмасын басқарды.
  • «Астана полиграфия» баспахананасына бас инженер болып, кейін басшы болып тағайындалды. БАҚ рыногында жаңа басылымдар көбейді. «Астана полиграфия» 45 газет пен 11 журнал жарыққа шығарады. Газеттердің жалпы тиражы күрт көтеріліп келеді: 1999 жылы 32,5 млн, 2000 жылы 44,3 млн., 2004 жылы 50,5 млн. данаға дейін өсті. Сол уақыттан бері мекеменің қуаты бірнеше есе артты. 1998 жылы баспахана ұжымы ай сайын 5 млн. теңгеге өнім өндіретін болса, қазіргі кезде аз жұмыс күшімен 30 млн.-ға яғни алты есе көп өндіреді. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Суретсіз мақала