Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Толқын Азатбек"
ш () |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:18, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі түзету
Үлгі:Ғалым Толқын Азатбек — экономика ғылымының докторы (2011), профессор.
Өмірбаяны, еңбек жолы
1976 жылы 7 сәуірде Алматы қаласында туған.
Қазақ мемлекеттік экономика университетін (1994-98) бітірген. 1998-2002 жылдары Қазақ мемлекеттік экономика университетінде кафедра оқутышысы, 1999-2005 жылдары ҚРБҒМ Экономика институтында кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, 2005-06 жылдары Еуразия ұлттық университетінде факультет деканының орынбасары, доцент.
Ғылыми бағыты, еңбектері
Негізгі ғылыми бағыты бəсеке, бəсекеге қабілеттілік, монополиялық билік, бəсекелік қатынастар, инновациялар, кəсіпкерлік, инвестициялар.
"Ұлттық экономикадағы монополистік билік жəне антимонополиялық реттеу: теориясы, əдіснамасы, тетіктері" деген тақырып бойынша докторлық диссертация қорғаған.
48 ғылыми еңбектің авторы, 4 мақаласы шетелдік ғылыми басылымда шыққан.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>
Марапаттары
- Экономика бойынша талантты жас ғалымдарға арналған Мемлекеттік ғылыми стипендия иегері (2010-2012);
- "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" (2016);
- Болашақ стипендия иегері (2022).<ref>Азатбек Толқын.</ref>