Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Айжамал Ибрагимқызы Құдайбергенова"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
(Оң жақ жоғарыда көрсетілген қатысушының (бір ғана қатысушының) арадағы бір түзетуі көрсетілмеген)
(айырмашылығы жоқ)

17:07, 2026 ж. мамырдың 9 кезіндегі түзету

Үлгі:Ғалым Айжамал Ибрагимқызы Құдайбергенова — тарих ғылымының докторы, доцент.

Өмірбаяны, еңбек жолы

1959 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі ауылында туған.

ҚазМУ-ды бітірген (1981, қазіргі Қазақ ұлттық университеті).
1981-90 жылдары Қызылорда педагогикалық институтында оқытушы, 1990-2012 жылдары Тарих және этнология институтында ізденуші, аспирант, ғылыми, аға, жетекші ғылыми қызметкер. 2012 жылдан институтта бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарады.

Ғылыми бағыты, еңбектері

Негізгі ғылыми бағыты – XX ғасыр мен XXI ғасырдың басындағы Қазақстан халқының этнодемографиялық дамуы, әлеуметтік және ұлттық құрамындағы өзгерістері, көші-қон үдерістерінің тарихы мен демографиялық салдары, халықтану мәселелері.
120-дан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монографияның, энциклопедиялық биобиблиографиялық жинақтардың авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>

Марапттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер