Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Анар Тұрмағанбетқызы Асанова"
ш (1 түзету) |
ш («Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері» деген санатты қо) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
18:20, 2026 ж. мамырдың 1 кезіндегі түзету
Үлгі:Ғалым Анар Тұрмағанбетқызы Асанова — физика-математика ғылымының докторы (2006), профессор (2011).
Өмірбаяны, еңбек жолы
1967 жылы 17 тамызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылында туған.
ҚазМУ-ды (1989, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
Математика жəне механика институтында (қазіргі Математика және математикалық модельдеу институты) лаборант, аға лаборант, кіші, аға, жетекші, бас ғылыми қызметкер болып қызмет атқарады (1989-2012).
Ғылыми бағыты, еңбектері
Негізгі ғылыми бағыты – сызықсыз параболалық теңдеулер үшін жартылай кеңістіктік шеттік есептердің периодты дерлік шешімдері теориясын жасап, гиперболалық теңдеулер жүйесі үшін бейлокал шеттік есептерді зерттеудің жəне шешудің функционалдық параметрлер əдісін ұсынып, осы əдіс негізінде бейлокал есептердің шешімді табу алгоритмдері құрылып, корректілі шешілімділіктің коэффициенттік критерийлер тағайындауды зерттеуге арналған.
"Аралас туындысы бар гиперболалық теңдеулер жүйелері үшін бейлокал шеттік есептер" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
180-ге жуық ғылыми еңбегі бар.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>