Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Меруерт Арыстанқызы Ғазалиева"
ш (1 түзету) |
ш () |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:17, 2026 ж. наурыздың 27 кезіндегі түзету
Үлгі:Ғалым Меруерт Арыстанқызы Ғазалиева — медицина ғылымының докторы (2010), доцент (2010).
Өмірбаяны, еңбек жолы
1982 жылы 3 тамызда Қарағанды облысы, Қарағанды қаласында туған.
Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын (2005, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина университеті), интернатурасын (2006) бітірген.
Қазақстан-Ресей университетінде доцент (2005-07), Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында ассистент (2006-07), Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде профессор (2008-12), 2012 жылдан Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде кафедра доценті.
Ғылыми еңбектері
Ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыттары өндірістің жəне қоршаған ортаның денсаулыққа əсерін бағалау, науқастықтың зиянды поллютанттармен байланысы күшін анықтау, қауіп факторларының жəне олардың үйлесімдерінің əсері, медициналық-гигиеналық критерийлер стратегияларын жəне экологиялық мониторинг принциптерін əзірлеу болып табылады.
100-ден астам ғылыми еңбектің, соның ішінде 3 əдістемелік нұсқау, 2 оқу құралы, 1 оқу-əдістемелік құралы, 7 алдын ала патенттің авторы.
Марапаттары
- ҚР Тұңғыш Президенті Қорының лауреаты(2008);
- Қарағанды облысы əкімінің "Қайнар" сыйлығы лауреаты (2011);
- "ЖОО үздік оқытушысы" мемлекеттік грантының иегері (2009).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>