Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қасым Әбуұлы Асанов"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш ()
ш (1 түзету)
(Оң жақ жоғарыда көрсетілген қатысушының (бір ғана қатысушының) арадағы бір түзетуі көрсетілмеген)
(айырмашылығы жоқ)

00:18, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі түзету

Үлгі:Ғалым

Қасым Әбуұлы Асанов (1 қаңтар 1931, Үтері ауылы, Құрманғазы ауданы, Қазақ АСКР, РКФСР12 мамыр 2008, Алматы) — ғалым, Социалистік Еңбек Ері (1965), ауыл шаруашылық ғылымының докторы (1976), профессор (1983), Қазақстан Республикасы ғылым академиясының академигі (1996).

Қазақ ауыл шаруашылық институтын (1951) Мәскеу ауыл шаруашылық академиясын (1963) бітірген. 1955 — 1969 ж. ұжымшар төрағасы, 1969 — 73 ж. Мәскеу ауыл шаруашылық академиясында аға ғылым қызметкер, 1973 — 1987 ж. Шымкент облыстық мемлекеттік ауыл шаруашылық тәжірбие ст-ның, “Шымкент” кеңшар техникумының және дендрологиялық саяжайдың директоры болды. 1987 жылдан Қазақтың мал азығын дайындау және жайылым ғылым-зерттеу институтының директоры. Асановтың ғылыми еңбектері негізінен Қазақстанның оңтүстік-шығыс және батыс аймақтарындағы жайылымға қолайлы жерлерді зерттеуге арналған. Шөлейт жерлердің құнарлылығын арттыру үшін Асанов Атырау облысында алғаш рет мал-азықтық дақылдарды (жоңышқа, қоңырбас субидайық, жиматарғақ, үйбидайық) бірге сеуіп суармалы жайылым жасау әдісін қолданды. Сондай-ақ ол белок пен витаминдердің сапасын жақсарту үшін мал азығына көк балдырды (хлорелла) қосуды ұсынды. А. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Қазан революциясы, Халықтар достығы, “Құрмет Белгісі” ордендерімен марапатталған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Шығармалары:

  • Пастбищное хозяйство Казахстана, А.-А., 1992;
  • Практикум по пастбищному хозяйству. А., 1994.

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub