Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мақажан Несіпбайұлы Жылқыбаев"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Санат шебері: Санат:Ыбырай Алтынсарин медалінің иегерлері → [[Санат:Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен)
ш (1 түзету)
(Оң жақ жоғарыда көрсетілген қатысушының (бір ғана қатысушының) арадағы бір түзетуі көрсетілмеген)
(айырмашылығы жоқ)

00:14, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі түзету

Үлгі:Тұлға Мақажан Несіпбайұлы Жылқыбаев (1937 жылы 16 наурызда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған) — педагог. Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген мұғалімі (1991). Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі (1983). Құрмет орденінің иегері (2001).

Толығырақ

Еңбек жолы

  • Еңбек жолын 1957 - 1958 жылдары Чернорецк балалар үйінен бастайды.
  • 1958-1962 жылдары Павлодар қаласындағы №9 орта мектепте аға пионервожатый қызметін атқарады.
  • 1962-1966 жылдары №3 облыстық қазақ мектеп-интернатында аға тәрбиеші қызметін атқарады.
  • 1966-1972 жылдары Красноармейка мектеп-интернатында оқу-ісінің меңгерушісі болып істейді.
  • 1972-1982 жылдары мектеп-интернат, арнайы мектеп, балалар үйі саласы бойынша Облыстық білім беру бөлімінде инспектор қызметін атқарады.
  • 1982 жылы Павлодар қаласындағы №4 қосымша мектеп-интернатының директоры қызметіне тағайындалды.
  • 1986 жылдан бастап Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының директоры. Бар саналы өмірі мен еңбегін тек бала (ұрпақ) тәрбиелеу ісіне бағыштаған ұстаз-басшы бұл күнде облысқа, республикаға ағарту саласында өзінің мол тәжірбесімен, еңбегімен танымал.
  • 1986 жылдан 2007 жылға дейін Ы. Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының директоры болып қызмет істеді.

Шығармашылығы

  • Мақажан Несіпбайұлы Жылқыбаев 40 жылдан астам өмірін болашақтың ұрпағын тәрбиелеу ісіне бағыштады. Ұстаздықтың қилы-қилы баспалдақтарының бәрінен өтіп, “адам мүсіншісі”, “бала бағбаны” аталған ұлы мамандықтың сан сырын, қиын қырын түгелдей толық меңгерген майталман ұстаз. Ұстаздың бұлай сатылай өсуі жемісті табыстарға жол ашты: ұстаздың біліктілігі мен білімі, іскерлігі мен ұйымдастыра білу шеберлігі педагогтік ұжымдарды шебер басқарып, ұжым еңбегін елге таныта білуге жетеледі.

Марапаттары

  • 1983 - Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі
  • 1985 - КСРОның "Еңбек ардагері" медалі
  • 1991 - Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген мұғалімі
  • 2001 - ҚР Президентінің жарлығымен Құрмет орденімен марапатталды
  • 2008 - Ыбырай Алтынсарин атындағы педагогикалық медалі
  • 2011 - "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі
  • 2016 - "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі
  • Көптеген құрмет грамоталары мен алғыс хаттармен марапатталған.