Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қорғас ыстық бұлақтары"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш ({{Суретсіз мақала}} үлгісін үстедім) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
22:55, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Қорғас ыстық бұлақтары, Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстік беткейіндегі Қорғас өзенінің оң саласы – Арасан өзені шатқалында 1750 м биіктікте орналасқан. Мұнда 10-нан астам қайнар, бұлақ бар. Олардың жалпы су шығымы 4 – 5 л/с. Су хлорлы-сульфатты-натрийлі, радиоактивті (радон 150 – 180 эман), сілтілі (рН – 9). Температурасы 37 – 52ӘС, жалпы минералдар 0,27 – 0,29 г/л. Суда 60 – 70 мг/л кремний қышқылы, күкіртсутек, қорғасын, күміс, молибден қоспалары бар. Қорғас ыстық бұлақтарын химиялық құрамына байланысты Алтайдағы Белокуриха курорт суымен теңестіруге болады.
Пайдаланған әдебиетттер
- Қазақ энциклопедиясы
- (С. Құнанбаев)