Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қараған бекінісі"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Жаңа бетте: Қараған бекінісі құрылысының қалдығы. '''Қараған бекінісі''' – [[Маңғыстау облысының жергіл)
ш (1 түзету)
(Оң жақ жоғарыда көрсетілген қатысушының (бір ғана қатысушының) арадағы 2 түзетуі көрсетілмеген)
(айырмашылығы жоқ)

00:11, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі түзету

Сурет:Қараған бекінісі.jpg
Қараған бекінісі құрылысының қалдығы.

Қараған бекінісіМаңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген тарих ескерткіші.

Орналасқан жері

Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 27 км қашықтықта орналасқан.

Бекініс сипаты

Бекініс 1982 жылы Еділ-Орал археологиялық экспедициясымен анықталған. Қосымша зерттеулер 2009 жылы жүргізілген.
Бекіністік қамал екі нысаннан құралады.
Бірінші нысан, қамал қабырғасы, 200 м ұзындықтағы мүйістің шетін жағалай орналасқан. Жоспарда қабырға сызығы сәл қисайған. Қабырғалардың қалыңдығы 1,2-1,5 м. Қабырғалар биік емес, 1,5 м, өте биік нүктелері 2-2,3 м. Құрылысы 2 қабатты табиғи таспен және топырақпен толтыра қалау әдісімен тұрғызылған. Кей жерлерде төменгі қаландылардың деңгейінде тік қойылып жалпақ тастар орнатылған. Қабырғалар алаңдық жағынан жартылай дөңгелектенген, диаметрі 3,5-4 м, 3-5 м қабырға сызығынан шығыңқы келген 5 мұнарамен нығайтылған.
Мұнараның ішкі бөлме қуысы бар. Кей жерлерде мұнаралар мен қабырғаларда биіктігі 40-50 см жақтаулар байқалады. Қабырғаның солтүстік-батыс бөлігінде шамамен ені 2 м болатын өткел бар. Қабырға мен мұнаралардың алдында алаңдық жағында жүзіп барған ені 2 м, тереңдігі 50 см болатын есік қуысын жағалай ор жатыр. Ені 3 м, биіктігі 30-50 см ордың алдында қатты сырғыған топырақ жал болып үйілген үйінді және мұнаралар мен есік қуысына қарсы доғаланған тас қаландылар бар. Бұл мүмкін маңдай үстінің құлаған қалдықтары болуы мүмкін. Мүйістің солтүстік жағында арнайы төмен түсетін соқпақ анықталды. Қамалдың аймағында жалғыздан кремний сынықтары кездеседі. Қамал қабырғаларының құрылысы мен сақталуы кейінгі орта ғасырларға меңзейді.
Екінші нысан – мүйістелген шошақтың бітер жеріндегі үйілген көлемді үйінді сипатында. Үйіндінің ұзындығы 48 м, ені 10-12 м, орташа биіктігі шамамен 2 м. Жоспарда қиғаш (зигзаг) пішінде келген. Мүйіс аумағындағы біршама жер үйіндімен қалқаланған. Осы маңда қолдан жасалған қыш ыдыс сынығы, мыс рудасының және сирек кездесетін пышақ тәрізді кремний тасының сынықтары кездеседі. Бұл материалдар қола дәуірімен мерзімделеді.
Ескерткіш 1986 жылы құжатталған.<ref>М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер