Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әлібек Зілқараұлы"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:09, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Әлібек Зілқараұлы (шамамен 1815 — 1876 жылдары өмір сүрген) — би, батыр. Ақан серінің өкіл әкесі.
Шыққан тегі сонау Арғын тайпасының Атығай Андағұл руынан. Әкесі Зілқара Байтоқаұлы атақты ақын, композитор, Көкшетау округінің аға сұлтаны болған. Қазақ елі Әлекеңді «Әлібек батыр» деп атайды.
Арыстан, Біржан, Орынбай ақындармен дос болған. Әлсіздерге қорған болып, әділеттілігімен аты шыққан. Озбырлардан жапа шеккендер келіп паналаған. Ақан сері Әлібек өлгенде көпке белгілі “Қараторғай” әнін шығарған. “Арысым, ел қорғаны, батырым-ай, Айырылдым қапияда сенен неғып?! Тәңірдей сыйынатын Әлекем-ай, Жүргейсің әруағыңмен елді қорғай” деген жолдары Әлібекке арналған. Әлібектің Біржанға айтқан: “Батыр жүрегін еліне береді, жанын құдайға береді, ал намысын ешкімге бермейді”, Орынбайға айтқан “Тірілердің өлмейтін жері, өлілердің мекені — кітап” деген қанатты сөздері күні бүгінге дейін ел жадында сақталған.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө. Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub Үлгі:WikifyҮлгі:Суретсіз мақала