Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Тамды (төбе)"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш («Атырау облысы географиясы» деген санатты қосты (HotCat құралының көмегімен)) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:09, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Тамды — Атырау облысы, Жылыой ауданында Доңызтау тауы маңындағы төбе.
Абсолюттік биіктігі 175 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 4,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 3 км. Жер қыртысы жоғары миоценнің оолитті әктастарынан түзілген. Жер бедері сай-жыралармен тілімденген кемерлі, етегінде бұлақтар кездеседі. Көлбеу келген солтүстік-батыс беткейі біртіндеп жазыққа ұласады. Солтүстік-шығыс белігіндегі кемерлі жартастардың биіктігі 8-10 м-ге жетеді. Сұр топырақ жамылғысында сұр жусан, бұйырғын, тасбұйырғын, күйреуік басым өскен.<ref>Қазақстан табиғаты 5 -том. «Қазақстан энциклопедиясы» Алматы, 2013 ISBN 996978-601-7472-15-3</ref>