Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қарасай (өзен Атырау, Маңғыстау)"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Өзен

Қарасай – Шығыс Каспий алабындағы өзен.

Географиялық орны

Атырау облысының Жылыой, Маңғыстау облысының Бейнеу аудандары жерімен ағады.

Бастауы

Бастауын Желтау, Көлеңкелі тауларының баурайынан алып, Маңсуалмас жонының солтүстігіндегі сорға құяды.

Гидрографикасы

Ұзындығы 73 км, су жиналатын алабы 6290 км. Жаман Қарасай және Жақсы Қарасай болып екі саладан тұрады. Арнасы дефляцияға ұшыраған, аңғары айқын қалыптаспаған, сағасы борпылдақ шөгінділерден тұрады. Қар суымен толығады. Ағындысы көктемгі қар еру кезінде 10-15 күндей ағып, жазда түбіне дейін құрғап кетеді. Алабы мал шаруашылығына пайдаланылады.<ref>ҚАЗАҚСТАН ТАБИҒАТЫ: «Қазақ энциклопедиясы» Алматы, 2011. 3-том ISBN 9965-893-64-0</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер