Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қарынгүрлі"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:05, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Аңғар Қарынгүрлі – Мұзбел жонының шығысында жатқан аңғар.
Географиялық орны
Маңғыстау облысы Қарақия ауданында орналасқан.
Жер бедері
Аңғар солтүстіктен оңтүстікке қарай 65 км-ге созылған, енді жері 2 – 4 км-дей. Аңғар табанына көктемде 10 – 15 күндей су ағатын құрғақ арна жатыр. Табаны теңіз деңгейінен 85 м биікте, беткейлері көлбеу келген. Олардың салыстырмалы биіктігі 50 – 55 м.
Өсімдігі
Сүйірлене келген аңғардың басында жуа, сарсазан, баялыш, жайпақ бөлігінде бұйырғын, баялыш, сораң шөптесіндер өседі. Қарынгүрлі аңғары жыл бойы мал жайылымына пайдаланылады.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref><ref>«Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006;</ref>