Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Дарбаза қақпасы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Дарбаза_қақпасы,_ХІХғ.jpg» дегенді аластады, бұны Ортаққордың қатысушысы Krd [[commons:File:Дарбаза_қақп)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:05, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Ғимарат Дарбаза қақпасыРеспубликалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен солтүстік – батысқа қарай 400 м. жерде орналасқан.<ref name=":0">«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты тарихи-мәдени ескерткіштер»: жинақ / «Service Press» баспасы, 184 б. Алматы 2025 ж. 130 бет. - ISBN 978-601-7316-24-2</ref>.

Кезеңі

ХІХғ.

Тарихы

1885 ж. басылған «Живописная Россия» атты кітапта жарияланған литографиялық сурет негізінде қайта қалпына келтірілді. «Дарбаза» қақпасының атауы қаланы қоршаған орға су құю үшін, осы тұстан қалаға қарай Жіңішке каналынан тартылған үлкен арықтың атынан шыққан. «Дарбаза» сөзінің өзі де «қақпа» деген мағына береді. Нұртас Оңдасыновтың «Парсыша-қазақша» сөздігінде «дәруаза-дарбаза – ашық есік, қаланың, бекіністің үлкен қақпасы» - делінген. Негізінен қала қақпаларының барлығы екі жаққа ашылатын кең де биік дарбазадан тұрған. Бұл қаланың солтүстік қақпасы, кесене құрылысына қажетті әк, ғаныш, Сауранның тұзсыз таза саз топырағы мен күйдірілген кірпіші, Қаратау кендерінің қорғасыны, тас көмірі мен бояулы қыш жасауға қажетті барлық минералдар және металл түрлері осы қақпа арқылы тасылған. Бұл қақпа, сонымен бірге, Сарыарқадан құрылысшыларға азықтық ет, мал майы тасылатын ең маңызды қақпаның рөлін атқарған. Алғашында, қаланың батыс қақпасы – Жеті ата, шығыс қақпасы – Мүсәллә және оңтүстік қақпасы – Тәкиә сияқты Түркістанға келетін керуен жолдардың соқпағы түрінде қалыптасса, уақыт өте келе сол соқпақтардың екі бетіне тұрғын үйлер, мәнзел-мейманханалар, дүкендер, асханалар мен шәйханалар түсіп бірте-бірте магистральді-бас көшелерге айналған. XV ғ. қалыптасқан 34 гектарлық қаланы қоршап қамал-қорған тұрғызған кезде бұл жолдардың қалаға кірер тұсына қақпалар салынған. Міне осылай өмірге келген қақпаның екі кезеңін қаланың 1951жылғы план-схемасынан көруге болады. Мұндағы қаланың көк сызықпен шеқарасы, қақпалардың орыны көрсетілгені XV ғ. қалыптасқан кезеңі, ал, қызыл сызықпен берілгені ХІХ ғ. Қоқан хандығының 1843-1849 жж. арасында қаланы (88,7га) қайта қоршап, төрт негізгі қақпалар (№1, 3, 4, 5) және мұнарасыз екі ойық түріндегі (2,6) екі жаппалы есік етіп салынған қақпалар мен қорған-қамалдар. Бұлардағы бесінші нөмірмен берілгені біз әңгіме етіп отырған Дарбаза қақпасы болып табылады<ref name=":0" />. 2009-2010жж «Қазқатайжаңарту» РМК тарапынан қайта қалпына келтірілді.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері