Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Екідің-II"
ш (1 түзету) |
() |
| (Оң жақ жоғарыда көрсетілген қатысушының (бір ғана қатысушының) арадағы 2 түзетуі көрсетілмеген) | |
(айырмашылығы жоқ)
| |
13:35, 2024 ж. қыркүйектің 5 кезіндегі түзету
Екідің-II – Қостанай облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне енген VII-IX ғасырлардан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандар тізбесіне енген.
Орналасқан жері
Арқалық әкімшілігінің аумағындағы Екідің ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 0,5 км жерде, Қараторғай өзені сол жағалауында орналасқан.
Кезеңі
Шамамен VІІ-ІХ ғғ., сондай-ақ ерте темір дәуірі деген тұжырымдар бар.
Тарихи деректер
Екідің-ІІ – бір-біріне салыстырмалы түрде жақын орналасқан екі рәсімдік құрылыстардың бірі. Олардың бұл аймақтың нысандарына ұқсас емес екенін және бір-біріне қатты ұқсастығын ескере отырып, екі құрылым бір күрделі кешенді құрайды деген тұжырымға келуге болады. Дің – дәстүрлі тастан жасалған сфера пішінді құрылыстың далаға тән архаикалық түрі. Дің пішіні бойынша дәстүрлі ежелгі "шошала" – киіз үйдің алғашқы прототипіне ұқсас.
Екідің-ІІ – жергілікті тастан (диаметрі – б м, биіктігі – шамамен 4 м) салынған ірі "киіз үй". Кіреберіс шығысқа бағытталған. Оның мақсаты әлі күнге дейін анықталмаған, бірақ салт-жоралғысы бар екендігі сөзсіз. Орта ғасырдың басында бұл құрылыстар қорғаныс мақсаттарында (байқау мұнаралары) қолданылған деп есептеледі, өйткені олардың орналасуы мен үлкендіктері оларды қолайлы далалық бағдар етеді.
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда Екідің-I мен Екідің-II төбелерінің арасындағы алқап ауқымды шайқастардың сахнасына айналғандығы 6елгілі. Жергілікті нанымдарға сәйкес, бұл екі құрылыс, сондай-ақ бұл аймақтың өзі қасиетті мекен. Мүмкін ауданның ерекше рухани мәртебесін "Дің" деп аталатын екі тас конструкция қорғап тұрған шығар.
XX ғасырдың 80-ші жылдарында жергілікті халықтың күші мен құралдары арқасында Екідің кешені өңірдің этникалық маңызды объектілері ретінде жартылай қалпына келтірілді.
Бүгінгі күні Екідің-І және Екідің-ІІ танымал туристік және зиярат ету орындары болып табылады.<ref>Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Қостанай облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері