Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Абыла"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Халқы)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан

АбылаҚызылорда облысы Қармақшы ауданындағы ауыл, темір жол бекеті, Қармақшы ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы – Жосалы кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 17 км-дей жерде, Сырдарияның оң жағалауында орналасқан.

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 1207 адам (643 ер адам және 564 әйел адам) болса, 2009 жылы 1107 адамды (580 ер адам және 527 әйел адам) құрады.<ref>2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы Үлгі:Webarchive</ref> 2023 жылы 1,5 мың адамды құрады.<ref>СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2023.</ref>

Тарихы

Іргесі 1936 жылы қаланды. 1956-1996 жылдары қаракөл қойын өсіретін «Қармақшы» кеңшарының орталығы болған. Кеңшар негізінде Абылада және округке қарасты Анакөл, Қызылтам ауылдарында шаруа қожалықтары құрылған. Абыланың темір жолға таяу тұсында 1941 жылы 2-дүниежүзілік соғысқа осы ауылдан аттанған ер-азаматтар салған жел диірмені ескерткіш ретінде сақталған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Ауылдық округ бойынша мектеп, балабақша, фельдшерлік-акушерлік пункт, клуб, мешіт, пошта байланысы, спорт мектебі, ЖШС, 69 шаруа қожалығы жұмыс істейді.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Қармақшы ауданы елді мекендері