Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қараалып"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (келесі санат қосылды: «Санат:Арал теңізі» (HotCat құралының көмегімен)) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
22:54, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Қараалып – Арал теңізінің солтүстік-шығысындағы төбе. Қызылорда облысы Арал ауданы Сексеуілді кентінің оңтүстік-батысында 60 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 180 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 3 км-ге созылып жатыр. Енді жері 1 км шамасында. Көлбеу беткейі жонды-адырлы жазыққа ұласады. Солтүстігінде Бестөбе төбесі, шығысында Кіші Борсық құмы, оңтүстігінде Шот, батысында Шаршаған (Соршаған) төбелері орналасқан. Аллювийлі жазығындағы сортаңды қоңыр топырағында қара жусан, сұр жусан, бұйырғын, тасбұйырғын, т.б. өседі. <ref>Қазақстан Энциклопедиясы</ref>
Сілтемелер
<references />