Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ақүйік қорымы"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы
Ақүйік қорымы – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне археологиялық ескерткіш.
Орналасқан жері
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 17 км жерде орналасқан.
Сипаты
Б.з.б. I ғасырда сақталған үш сармат обасынан (маңғыстау қазақтары обаны үйік деп атайды), XIX ғасырдың ақыры – XX ғасыр бас кезіндегі салынған 20-дан астам сәулет ескерткішінен құралған. Олардың ішінде 4 ірі сағанатам мен 3-күмбезді мазар бар. Бұл ескерткіштер Арал мен Атырау өңірінде кездесетін барлық сәулет мұраларының озық үлгісіне жатады. Сармат обаларының ең үлкені 1930 жылы қазылған.
Ақүйік қорымы ішіндегі әсем туындының бірі Оразалы зайыбы Тәжі күмбезі 1914 жылы салынған. Ауданы 6,24 х 4,20 м, биіктігі 8,6 м, 1924 жылы оңтүстік-батыс бұрышы құлаған. Инженерлік зерттеулердің қортындысы бойынша ұзынырақ етіп салынған төртбұрышты қабырғалар алып барабан мен күмбезді, көтере алмай құлаған.
Маңғыстауда мазарларды әдетте бірнеше адамды жерлеу үшін кең етіп салады. Алдыңғы жағының аз ғана сақталған бөлігі – Тәжі күмбезінің әдемі ою-өрнектермен безендірілгенін көрсетеді. Солтүстік және шығыс жақтағы фасадтары өрнектелген пилястрларға бөлініп, ұзын таспадай созылып, ою-өрнекті фризбен бітеді. Ішіндегі ойықтар әйелдің әшекейлері, кебіс-мәсі, самаурын, ыдыс-аяқ, өсімдік және қошқар мүйіз ою-өрнектерімен безендірілген. 1981 жылы Тәжі күмбезі “Маңғыстауқайтажөндеу” мекемесінің күшімен толық қалпына келтірілді.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref><ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері