Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Базарбайтөбе"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Базарбайтөбе – ежелгі қоныс орны, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Отырар ауданы, Қоғам ауылынан 4 км оңтүстік-батыста, Сырдария жағалауында, Жаманкөл өзені сағасының жанында.

Деректер

1969-70 жылдары Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) зерттеген.
Қазіргі орны төрт бұрышты келген, шығыстан батысқа қарай сәл созыла жатқан, ауданы 65х40м төбе. Шығыс жағы басқа бөліктеріне қарағанда биігірек келген, (биіктігі 4 м). Төбенің үсті жалпақ. Жоғарғы алаңқай-төбершік ауданы 35х35 м.
Топографиясына қарағанда қонысқа қірер қақпа солтүстік жақта орналасқан. Жинастырылған материалдар Қостөбеден оңтүстік табылған заттарға ұқсас. Мамандар Базарбайтөбені халық 1-8 ғасырлар кезінде мекендеген деп есептейді.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер