Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Боранқұл"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
22:54, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Боранқұл — Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы ауыл, Боранқұл ауылдық округінің орталығы, темір жол станциясы.
Мазмұны
Географиялық орналасуы
Аудан орталығы — Бейнеу кентінен солтүстік-батысқа қарай 108 км жерде, Каспий маңы ойпатындағы Қарақұмның оңтүстік-шығысында шөлді белдемде орналасқан<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>.
Халқы
Тұрғыны:
- 5700 адам (1997)<ref name="source1"></ref>;
- 4913 адам (2406 ер және 2507 әйел адам) (1999)<ref name="source2">- 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том</ref>;
- 6310 адам (3116 ер және 3194 әйел адам) (2009)<ref name="source2"></ref>;
- 7335 адам (2016)<ref>Боранқұл селолық округі əкімінің есебі</ref>.
Тарихы
Іргесі 1948 жылы осы маңда мұнай кенін іздеуге байланысты қаланған. Алғашында “Опорный” деп аталған. Бұрынғы “Қарақұм” қой кеңшары негізінде өндірістік шаруашылықтар мен шаруа қожалықтары құрылған<ref name="source1"></ref>.
Инфрақұрылымы
Ауылда тұрмыс қажетін өтеу мекемесі, үш орта мектеп, аурухана бар. Боранқұл арқылы Орта Азия — Орынбор газ құбыры, Өзен — Самара мұнай құбыры және Қоңырат — Құлсары су құбырлары өтеді<ref name="source1"></ref>.
Ауыл шаруашылығы
Селода 27 шаруа қожалықтары бар. Село аумағындағы шаруа қожалықтары мен жеке үй шаруашылықтарында 898 бас сиыр, 17454 бас қой, ешкі, 421 бас жылқы, 1918 бас түйе бар<ref>Боранқұл селолық округі əкімінің есебі</ref>.
Дереккөздер</span>
<references/>
Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Бейнеу ауданы елді мекендері