Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Құмқала 1"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Көне қалашық Құмқала 1 – орта ғасырлардағы бекініс орны, Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері
Жалағаш ауданы, Аққыр ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 30,8 км жерде орналасқан.
Сипаты
1946-1948 жылдары Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (жетекшісі С.П. Толстов) зерттеген.
Қүмқала-1 төңірегінде едәуір аумақты алып жатқан қоныс орындары сақталған. Күрделі арықтар торабы мен суармалы жерлер, бұл қоныс тұрғындарының диқаншылықпен айналысқанын көрсетеді. Қала аумағынан бірнеше бекініс мұнараларының орнын тапқан. Қазба жұмыстарының нәтижесінде көптеген жәдігерлер, көне арықтардың орындары табылған.
Табылған материалдар (тұрмыс қажетін өтеуге арналған әр түрлі заттар) қаланы адамдар XII-XIV ғасырларда мекен еткенін дәлелдейді.<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”</ref><ref>Қ 18 Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2006. – 768 б.ІSВN 9965-26-175-Х</ref>