Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Асар қалашығы"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Көне қалашық Асар қалашығы (б.д.д. I ғ. соңы - б.д. І ғ.) – Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.
Орналасқан жері
Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 9 км жерде орналасқан.
Зерттелуі мен сипаты
Ескерткішті өткен ғасырдың 40-50 жылдары Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (С.П. Толстов) ашып, зерттеген, 1970- 1980 жылдары Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (Л.М. Левина) қайта зерттеген. 2005 жылы ҚР ҰҒА АИ ШРАЭ (Ж. Құрманқұлов) географиялық координаттарын анықтап, суретке түсірді.
Қамал дөңгелек пішінді, диаметрі 27,5 м, сақталған биіктігі 8 м шамасында. Үстінен жиналып алынған қыш ыдыс материалдары қонысты б.д.д. I мыңжылдықтың соңғы ғасырларымен және б.д. I ғасырымен мерзімдеуге мүмкіндік береді.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5</ref>