Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қаралы асар қалашығы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
(Жаңа бетте: {{Көне қалашық |Атауы = Қаралы асар қалашығы |сурет = |өлшемі = 300px |Сурет атауы = |Мәртебесі = Республикалық маңыз)
(айырмашылығы жоқ)

13:07, 2025 ж. қазанның 20 кезіндегі түзету

Үлгі:Көне қалашық Қаралы асар қалашығы (б.д.д. I-мыңжылдықтың соңы - б.д. VI-VII ғғ.) – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.

Орналасқан жері

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Тұрмағанбет Ізтілеуов ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7,2 км, Кіші Қосасар қалашығынан шығысқа қарай 23 км жерде орналасқан.

Зерттелуі мен сипаты

Теңіз деңгейінен биіктігі – 109 м. Ескерткішті 1948 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (С.П. Толстов) ашқан, 1973, 1976, 1978 жылдары Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (Л.М. Левина) зерттеген. 2005 жылы ҚР ҰҒА АИ ШРАЭ (Ж. Құрманқұлов) қайта зерттеп, географиялық координаттарын анықтады және суретке түсірді.
Қалашық шатқалдағы ең ірі ескерткіштердің бірі болып табылады. Екі қабаттан тұратын оның (қамалдаң жар-жатынын қоршап жатқан төменгі, үшінші қабаты бар) аумағы 15 га, жеке бөліктерінің биіктігі 28 м-ге жетеді. Екінші алаң 10-12 м биіктікте сақталған. Басқа да жетіасарлық қалашықтар секілді ескерткіштің беткі қабатында қыш ыдыстың сынықтары мен қызыл ангобты қыш құмыралардың сынықтары кездеседі. Жетіасарлық барлық үш кезеңіне де тең, яғни, қалашықтың ұзақ уақыт бойы өмір сүргендігін дәлелдейді.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Қызылорда облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері