Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Еңбекші (көне қала)"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Көне қалашық
Еңбекші - ортағасырлық қалашық орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Тұрар Рысқұлов ауданы, Еңбекші ауылынан шығысқа қарай 2 км жерде, Қарақыстақ өзенінің сол жағалауында орналасқан.

Сипаты

Қалашықты 1989 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің Археологиялық Экспедициясы (жетекшісі М. Елеуов) ашып, зерттеу жұмыстарын жүргізген.
Қалашық жобасында трапеция тұрпатты. Бұрыштары әр тарапқа бағытталған оның көлемі 170x60-130 м, биіктігі 3 м. Үстінен жиналған ыдыстардың дені сыры жоқ құмыра, тостаған, табақ, саптаяқ, көзе секілді ыдыс сынықтары. Табылған материалдарға қарағанда Еңбекшіні халық X-XII ғасырларда мекендеген. Қала тұрғындары егін егіп, мал өсірумен шұғылданған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965260958</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Навигациялық кесте