Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ілебалық"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Орналасқан жері)
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Ілебалық – орта ғасырдағы қала.

Орналасқан жері

Алматы облысы Іле ауданы Іле өзенінің орта ағысы, қазіргі Қапшағай СЭС-нің жанында болған.

Сипаты

Белгілі зерттеушілер А.Н. Бернштам мен В.В. БартольдМ. Қашқари мен В. Рубруктың жазба деректерін негізге ала отырып, Ілебалықты Шеңгелді бекінісінің орнындағы “Екі өгіз” қаласы десе, академик Ә. Марғұлан Мұхаммед Хайдардың дерегіне сүйеніп, Ілебалықты өз алдына жеке қала болған деп тұжырымдайды. Ілебалық қаласының орны әлі толық анықталмаған.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер