Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ерлан Жүніс"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш ("Ерлан Жүніс" бетін қорғады ([Өңдеу=Тек администраторларға рұқсат ету] (аяқталу мерзімі — 17:36, 2026 ж. мамырдың 28 (UTC)) [Жылжыту=Тек администрат) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
11:38, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы
Ерлан Жүніс (7 қараша 1984 жыл Алматы облысы, Жамбыл ауданы) — ақын.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты.
М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің «Әлем тілдері» факультетін «әдебиетші, филолог» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
- 2001 жылы «Абай оқуларынан» Бас жүлде алған
- 2006 жылы Халықаралық «Шабыт» фестивалінде Президент Кубогі және Гран-При иеленген.
- 2009 жылы Баянауыл тақырыбында жазған «Үздік журанлист» Алтын белгісін алған.
- 2012-2013 жылдардағы Мемлекеттік Стипендия иегері.
2001 жылы «Жыр-Перзент», 2011 жылы «Киелі түндердің дұғасы», 2013 жылы «Хауас», 2014 жылы «Ғаусар», 2015 жылы «Үміт жырлары» жыр кітаптары жарық көрген.
Жамбыл облыстық «Ақ жол», «Ар-Ай» газетінде, Республикалық «Қазақ әдебиеті», «Айқын» газеттерінде, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби консультант қызметтерін атқарған. Қазір ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы жанынан құрылған «ТӘЖ» (Тәуелсіздік. Әдебиет. Жастар) әдеби-интеллектуалды клубының жетекшісі.