Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мирас Болатұлы Асан"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:38, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Жазушы

Мирас Болатұлы Асан - 1987 жылы мамыр айының 13 күні Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бақты аулында дүниге келген. №21 «Бақты» орта мектебін бітіргеннен кейін академик Евней Арыстанұлы Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне оқуға түседі. Педагогика ғылымдарының магистрі. 2010 жылғы ХІІІ Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты. Қазақстан Жазушылар Одағының және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. «Соңғы раушан», «Бекзат», «Сүйесің, жүрек, сүйесің», Жан терезесіндегі жарық» жыр жинақтарының авторы. «Алтын тобылғы» әдеби сыйлығының лауреаты, Президент стипендиясының иегері. Өлеңдері неміс, испан, түрік т.б. тілдерге тәржімаланған.

Еңбек жолын республикалық «Қасым» әдеби-қоғамдық журналда бастаған. Кейін облыстық "Ortalyq Qazaqstan", республикалық "Egemen Qazaqstan" газеттерінде, тілші, аға тілші, бөлім басшысы болып жұмыс істеді. ҚР Мәдениет және спорт, ҚР Туризм және спорт министрліктерінде министрдің кеңесшісі қызметін атқарған.

Үйленген. Екі баласы бар.Үлгі:Дереккөзі келтірілмеген

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер