Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Құмсуат"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Пайдаланылған әдебиет → Дереккөздер using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

22:54, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

ҚұмсуатАрал теңізінің батыс жағалауындағы жарқабақты жер. Абсолют биіктігі 108 м. Ақтөбе облысы жеріндегі Құмсуатта құдық, ал Қызылорда облысына қарасты шығыс жағында қорым (мола) бар. Табиғаты өте қатаң, жазы ыстық, қысы суық, сусыз шөл дала. Өсімдік жамылғысын жусан, еркекшөп, әртүрлі бұталар мен эфемерлер құрады. Жер қыртысы олигоцендік саз, құмдық мергельден тұрады. Құмсуаттың жерін жаз айларында жайлауға ғана пайдаланған.

Дереккөздер</span>

«Ақмола облысы» энциклопедиясы

Үлгі:Wikify