Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мұстафа Шоқай ескерткіші (Қызылорда қаласы)"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш («[[Санат:Қызылода облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері|Қызылода облысының жергілікті маңызы бар тарих және м)
 
ш (1 түзету)
(айырмашылығы жоқ)

11:37, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі түзету

Үлгі:Монумент Мұстафа Шоқай ескерткіші – – Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне енген монументтік өнер құрылысы ескерткіші.

Орналасқан жері

Қызылорда қаласы, Ыбырай Жақаев көшесі.

Орнатылған кезеңі және авторы

Ескерткіш 2017 жылы орнатылған. Мүсінші Көшер Байғазиев.

Тарихи дерек, сипаты

Қазақтың атақты қоғам және саяси қайраткері, публицист, Біртұтас Түркістанның тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күрес идеологы, Түркістан автономиясының басшысы, «Алаш Орда» үкіметінің мүшесі Мұстафа Шоқайға (1890-1941) арналған монумент Қызылорданың «ең жас» көрнекті ескерткіші болып табылады. Монументті (12 м) мүсіндік құрылымның авторы – К. Байғазиев.
Қоладан жасалған ескерткіш М. Шоқайдың толық көлемді мүсіні болып саналады. Ол таяғына сүйеніп, жайлап адымдап келе жатыр, жоғарыдан кезінде туған жерінде өзі құрғысы келген жаңа әлемге зер салып қарап тұр.<ref>Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер