Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сұлтан Бейбарыс ескерткіші"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Жаңа бетте: {{Монумент | атауы = Сұлтан Бейбарыс ескерткіші | монумент_атауы = | өз_атауы = | Суреті = Sultan Baybars Qazaqstan Atyrau.jpg | Сурет ені = | сурет )
 
ш (1 түзету)
(айырмашылығы жоқ)

11:37, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі түзету

Үлгі:Монумент Сұлтан Бейбарыс ескерткішіАтырау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген монументтік өнер құрылысы ескерткіші.

Орналасқан жері

Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, Атырау облысы әкімдігі ғимаратының алды.

Кезеңі, авторы

2000 жыл, мүсінші – К. Кәкімов, сәулетшісі – К. Жұмабай.

Тарихи деректер

Ескерткіш Атырау қаласында 2000 жылы салтанатты түрде ашылды.
Аңызға айналған қыпшақ Сұлтан Бейбарыс (1223-1277 жж.) кішкентай бала кезінде оңтүстікке құл ретінде сатылып кеткен. Өзінің ақылы, ұшқыр ойы мен күшті жігері арқасында Мысыр аумағындағы Мәмлүк мемелекетінің басшысына дейін көтеріле алды. Сұлтан Бейбарыс он жеті жыл бойы билік құрып, моңғолдар мен крест шабуылдарына қарсы тұра алды. Аңыз бойынша, Сұлтан Бейбарыс бала күнінде айырылған туған жерін сағынып, басқа елде басшы болса да еліне оралуды аңсаған.

Ескерткіш сипаты

Ескерткіш биіктігі 12 м, граниттен жаслаған, салмағы 120 тонна. Ескерткіштің екі жағында пирамида және киіз үй түріндегі тас композициялар орналасқан, олар Бейбарыс біріктірген Мысыр мен даланы суреттейді. Монумент жанында орнатылған жарты шар түріндегі гранит таста ежелгі түркі тілінде Күлтегіннің «Еліме, жеріме, суыма, осы бір түрік елі ел болсын деп жасаған ісіміз еді» деген сөздері жазылған.
Мүсінші К. Кәкімов және сәулетші К. Жұмабай қиындықтармен сағы сынбаған ұлттық деңгейдегі нағыз батырдың өрлеуінің тарихын заманауи пластикалық тілмен көрсетуге тырысты.<ref>Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер