Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Арқан керу"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:37, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы

Арқан керу - Ауыл өмірінде ертеден келе жатқан ежелгі дәстүр. Оның екі түрі бар.

  1. Құда келгенде немесе келін түскенде олардың алдынан арқан керіп, әйелдер кәдесін алады. Кәденің түп-төркіні, жаңа құдалар мен жас келіннің жолы ашық әрі пәле-жаладан, түрлі кедергілерден аман болсын деген таза көңіл, ақ ниеттен шыққан. Қазақта "арқан аттама", "арқан ұрлама", "есіліп жатқан арқан астынан өтпе" деген тыйымдар әдептілік пен тәлім-тәрбиенің тәртіптік жолын білдіреді.
  2. Малды ауылдың мал қотанының сыртынан арқан керіп қоятын ырымы болған. Халық ұғымында қыл арқанның киесі бар, оны ит-құс аттап өте алмайды деп сенген. Сапарда далаға қонған адамдар да жатар жерін қыл арқан немесе шылбырмен қоршап жатса қоршаудан жылан, шаян, бүйі, қарақұрт өтіп келмейді деген ұғым бар.<ref>Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, Атамұра 2010 ж.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер