Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Базарлық"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (-Санат:Терминология; ±Санат:Мәдениет→Санат:Қазақ салт-дәстүрлері (HotCat құралының көмегімен)) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
11:37, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы
Базарлық - алыс сапарға, сауда жолына шыққан адамдардың үйіне, көрші-қолаң, сыйлас адамдарына, жас балаларға, жерлестеріне әкелетін ірілі-ұсақты сыйлықтары, тарту-таралғысы.
Базарлық әдетте өз елінде сирек кездесетін таңсық зат, бұйым түрінде болады. Дәстүрлі ортада базардан келе жатқан кісіден базарлық сұрау салты болған. Ескеріп базарлық әкелу - жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі, қауым мүшелерінің арасында дәнекер, әлеуметтік, моральдық қатынастарды жүзеге асырудың бір тетігі ретінде де бағамдауға болады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>