Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Құрт көже"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш Тағамдар» деген санатты қосты (HotCat құралының көмегімен))
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:34, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы

Құрт көже – тағамдық қуаты мол жеңсік ас . Ол көбінесе қыста дайындалады . Қазақтар мұны қыстың қымызы деп дәріптейді . Өйткені құрт көже әрі тамақ әрі сусын .

Әзірлеу әдісі

Құрт көжені әзірлеу үшін қажетті мөлшердегі суға ұн сеуіп қайнатып алады .Суды онша суытпай құртты салып , қолмен езе бастайды . Езілген құрт белгілі бір уақыттан кейін қоюланып ашқылтым әдемі дәм енеді . Оған сөк немесе күріш қосып , қайтадан бір қайнатып алады . Ыстық көжеге май немесе шыдық қосып оның дәмін келтіре түседі .

Пайдалы тағам

Бұрын қыста далада , сапарда жүретін , елден алыстағы малшылар мен жылқышылар құртты мол дайындап алатын болған . Көженің қызуы суыққа да бермейді . Құрт көжені езгеннен қалған ұсақ немесе жартылай бөлінгендерін малта деп атайды . Жылқышылар қыста малтаны қалтасына салып жүріп тамақ әрі сусын есебінде қолданған .

Нақыл сөз

Батыр ақын Махамбеттің «Алты малта ас болмай , әр түйірі ат болмайды» деген сөзі малта қасиетін бейнелейтін сөз .

Дереккөздер

"Жеті қазына" ; Принт баспасы