Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бутан — Қазақстан қатынастары"
(Ерқанат Рыскулбеков (талқылауы) істеген нөмір 3203001 нұсқасын [) |
ш (1 түзету) |
| (Оң жақ жоғарыда көрсетілген қатысушының (бір ғана қатысушының) арадағы бір түзетуі көрсетілмеген) | |
(айырмашылығы жоқ)
| |
11:31, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі түзету
Бутан — Қазақстан қатынастары — Бутан Корольдігі мен Қазақстан Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар
Мазмұны
Дипломатия
Бутан Корольдігі мен Қазақстан Республикасы өз елдері мен халықтары арасындағы өзара тиімді қатынастарды нығайтуға және дамытуға ниет білдіріп, 2012 жылғы 20 қарашадан бастап күшіне енетін дипломатиялық қатынастар орнатты.
Дипломатиялық қатынастар орнату туралы Бірлескен коммюникеге мәртебелі Лхату Ванчук мырза, Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Бутанның елшісі және тұрақты өкілі және Мәртебелі Бірғаным Әйтімова ханым, Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Елшісі және тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Нью-Йоркке Тұрақты өкілдігі арасында қол қойылды.
Қазақстан - Бутан дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан 47-ші ел. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
Қазақстанның Үндістандағы Елшілігі сондай-ақ Қазақстанның Бутан Королдігігіндегі өкілдігі болып табылады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Виза
Қазақстан азаматтарына дипломатиялық, қызметтік, жалпыұлттық төлқұжаттарымен Бутан корольдігіне кіру үшін виза қажет.
Бутан азаматтарына дипломатиялық, қызметтік, жалпыұлттық төлқұжаттарымен Қазақстан Рсепубликасына кіру үшін виза қажет. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
Сипаттама
| Салыстыру | Үлгі:Байрақ | Үлгі:Байрақ |
|---|---|---|
| Ауданы (км2) | 38,39 мың | 2,72 миллион |
| Халық саны (адам) | 807,61 мың | 17,95 миллион |
| Халық тығыздығы (адам/км2) | 21.04 | 6.6 |
| Астана | Тхимпху | Астана |
| Ресми тіл | Дзонг-кэ | Қазақ, орыс |
| Валюта | Нгултрум Бутан | Қазақстандық теңге |
| ЖІӨ (миллиард доллар) | 2,51 миллиард | 159,41 миллиард |
| ЖІӨ (сатып алу қабілетінің паритеті бойынша) миллиард доллар | 6,49 миллиард | 439,39 миллиард |
| Жан басына шаққандағы номиналды ЖІӨ АҚШ долларымен | 2,66 мың | 10,51 мың |
| Жан басына шаққандағы ЖІӨ АҚШ долларымен | 7,82 мың | 24,23 мың |
| Адам дамуының индексі | 0,605 | 0,788 |
| Халықаралық телефон коды | +975 | +7 |
| Интернет домені | .bt | .kz , .kaz |
| Уақыт белдеуі | UTC+06:00 | UTC+05:00 , UTC+06:00 |