Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Көкжиек төбесі"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (қате) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
22:54, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Көкжиек – Баршақұм құмды алқабының орталық бөлігіндегі төбе. Қызылорда облысы Арал ауданы Сазды ауылының солтүстік-шығысында 32 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 112 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 1,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 0,5 км. Солтүстігінде Ақтабанқұм құмы, шығысында Баласораң қонысы, оңтүстігінде Кесеқұм (Кесекқұм) төбесі мен Түкпірши, Ескене қыстаулары, батысында Берді құдығы мен Қотырқора қыстауы орналасқан. Жер бедері сайлы-жыралы, бірен-саран шағылдар кездеседі. Құмның сортаңды сұр топырағында жусан мен бұта аралас эфемерлі өсімдіктер өседі. Жыл бойы мал жайылымына пайдаланылады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>