Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Алтай құмы"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
22:54, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Алтай құмы – Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы құмды алқап. Қазалы т. ж. ст-нан шығысқа қарай 3 км жерде орналасқан. Ұзындығы 22 км, енді жері 15 км-ге жетеді. Құм алқабы төбешікті келген. Мұнда 96 т. ж. айырмасы, Көбек елді мекені орналасқан. Осы жердегі құм төбелердің бірінде Кенесары хан басқарған ұлт-азаттық көтерілісте (1837 – 47) қаза тапқан батырлардың бірі – Алтайдың бейіті бар.