Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Тергүл"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш Қазақстан флорасы» деген санатты қосты (HotCat құралының көмегімен))
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:26, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Taxobox Тергүл (Үлгі:Lang-la) – тергүлдер тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Маңғыстауда ылғалды жерлерде, ұсақ тасты жайылымдарда, шалғындарда, тоғайлардың арасында өседі. Бұлардың биіктігі 5 – 35 см, араларында 2 м-ге жететін түрі де кездеседі. Сабақтары тік, көп қырлы, жоғарғы бөлімі бұтақталған. Жапырақтары қандауыр, эллипс не жұмыртқа тәрізді. Гүлдері 1 – 2-ден жапырақ астынан шығады, сыпыртқы не масақ тәрізді гүлшоғырына жиналады. Ақ, қызғылт, сиякөк түсті күлтелері де кіріккен, күлтелері болмайтын түрлері де кездеседі. Сәуір айынан бастап, қыркүйекке дейін гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Тергүлдің гүлінен аралар бал жинайды, өсімдіктің құрамында илік заттар болады. Кейбір түрін сәндік үшін өсіреді.<ref>«Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006;</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub