Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жылымшық"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (+Санат:Маңғыстау облысы географиясы; ±Санат:Қазақстан→Санат:Қазақстан шөлдері (HotCat құралының көмегімен)) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
22:54, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Жылымшық– Маңғыстау тауларының оңтүстігінде, Қайдақ сорының батыс жағында орналасқан құмды алқап. Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында орналасқан.
Құм солтүстіктен оңтүстікке қарай 42 км-ге созылған, енді жері 33 км. Ауданы 500 км² шамасында. Құм төбешіктер біртіндеп аласарып, белесті жазыққа ұласады. Жылымшықта жусан, еркек шөп, жүзгін, т.б. сораң шөптесіндер өседі. Грунт суы 2 – 10 м тереңдікте жатыр. Жылымшық мал жайылымы ретінде пайдаланылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references />