Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жалпақтөрткіл"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (+Санат:Төбелер; ±Санат:География→Санат:Маңғыстау облысы географиясы (HotCat құралының көмегімен)) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
22:54, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Жалпақтөрткіл– Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Кендірліқиясай үстіртінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі төбе. Абсолюттік биіктігі 188 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 4 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Маңайында Қарабарақты, Базыгүрлі, Шалой, Мақшыбай құдықтары орналасқан. Неоген жүйесінің плиоцен жыныстарынан түзілген. Қоңыр, сұр қоңыр, сортаңды тақыр топырақ жамылғысында эфемерлі сұр жусан, күйреуік, баялыш, сексеуіл өседі.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>