Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жазғұрлы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: км2 → км² using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

22:54, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Жазғұрлы Маңғыстау түбегінің оңтүстік бөлігіндегі ойыс. Маңғыстау облысының Қарақия ауданы жерінде, Маңғыстау мен Кендірлі-Қиясай үстірттері аралығында жатыр. Ұзындығы 15 км, ені 6 км-дей, ауданы 63 км². Тереңдігі 80 — 90 м. Ойыс неогеннің саз балшықты жыныстарынан, сарматтың бақалшақты әктастарынан түзілген. Беткейлері солтүстігінде жарқабақты, оңтүстігінде баспалдақ тәрізді. Табаны тегіс, сор батпақ. Батыс және солтүстік-шығыс кемерлерінде Жазғұрлы, Басғұрлы құдықтары орналасқан.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub